Ұлыбританиядағы Қазақ Орталығы

Kazakh Centre in the UK

Хабарлама

Ақпарат алып отыру үшін жазылыңыз

Лондонның жүрегіндегі қазақ тілі мен мәдениетіне арналған жаңа бастама

27/04/2024 – Лондон төрінде қазақ тілі мен мәдениетіне арналған жаңа бастама — қазақша сөйлеу клубының салтанатты ашылуы өтті. Бұл шара жергілікті қазақ қауымдастығы мен мен қазақ тіліне құштар жандарды бір арнаға тоғыстырды.

Ұлыбританияда Қазақ орталығы ашылды

Фото: Ғалымжан Қараманұлы/Kazinform

ЛОНДОН. KAZINFORM — Тұманды Альбионда Қазақстан мен Ұлыбритания арасындағы мәдени-достық қарым-қатынасты нығайтуға бағытталған Қазақ орталығының ашылу салтанаты өтті. Орталық көркем тіліміз бен ұлттық дәстүрлерімізді  жергілікті жұртшылықпен кеңірек таныстыруды және сол елдегі қазақтардың басын біріктіруді мақсат етеді, деп хабарлайды Kazinform агенттігінің осы елдегі меншікті тілшісі Ғалымжан Қараманұлы.

Наурыз мерекесі қарсаңында Уорик Қазақ Балы өтті

А.ж. 2 наурызда Наурыз мерекесі қарсаңында Уорик университетінің қазақ қауымдастығының ұйымдастыруымен және Қазақстанның Ұлыбританиядағы Елшілігі мен жаңадан құрылған Ұлыбританиядағы Қазақ Орталығының қолдауымен Уорик Қазақ Балы өтті.

2024 ж. 17 ақпанында Редингке қарасты Кавершам қаласында әйгілі қазақстандық пианист Дина Дүйсеннің қатысуымен «Ерте көктем» концерті өтті. Скрипкашы Цзяфенг Чен мен виолончелист Наоми Уоттс қосылып, Шуберт пен Брамстың фортепианолық триоларын орындады. Концерт әртістердің ерекше таланты мен синергетикасын көрсететін классикалық музыканың тамаша кеші болды.

ҚАЗАҚСТАНДЫҚ ЖАС КОМПОЗИТОР РАХАТ-БИ ӘБДІСАҒИННІҢ «THE BRUCE» ОПЕРАСЫНЫҢ ӘЛЕМДІК ПРЕМЬЕРАСЫШОТЛАНДИЯДА ӨТЕДІ

2024 жылдың 17 ақпанында Глазго соборында «Болашақ» бағдарламасының докторанты, композитор-пианист Рахат-Би Әбдісағиннің «Брюс» операсының әлемдік премьерасы өтеді. Операда Шотландия королі Роберт I Брюс туралы баяндалады. Опера өткен мен болашақ арасындағы музыкалық көпір әрі шотландиялық ұлы монархтардың бірі, тәуелсіздік үшін күрескен тұлғаның өмірін музыкамен бейнелейді.
Либретто Джон Барбурдың 1375 жылы жазылған ортағасырлық «Брюс» поэмасына негізделген, ол Рахат-Бидің Шотландия Корольдік консерваториясы мен Сент-Эндрюс университетіндегі докторлық зерттеулерінің негізгі бөлігін құрайды.
Шығарма соборлық опера, шіркеулік акустикалық залында орындауға арналған жаңа жанр. Жас композитор Рахат-Бидің айтуынша, опера бостандық пен ізгілік, кісілік пен күш, күрес пен табандылық, бір адамның тұтас бір халықтың өмірін түбегейлі өзгерте алатыны туралы сыр шертеді.
Премьера Роберт Брюстің туғанына 750 жыл толуына орай Шотландияның төрт көрнекті соборында өтеді:

17 Ақпанда Глазго соборында. Бұл Соборда Роберт Брюс алғаш рет Шотландия королі болып танылды;

21 Ақпан – Эдинбургтегі Сент-Дайлс соборында. Собор революциялық соғысқа дейін құрылған және көптеген тарихи сәттерде маңызды рөл атқарады. Соборда патшайым Елизавета II-ні еске алу шараларының алғашқысы өткен. Сондай-ақ осы жерде Карл III Шотландия тәжіне табыстау рәсімі өтті;

24 Ақпан – Әулие Сальватор капелласында, Әулие Эндрюс университетінде. Король Роберт I Брюс 1318 жылы соборды ресми түрде қасиетті ету рәсіміне қатысты;

3 Наурыз – Данфермлайн аббаттығында. Роберт Брюстің жерленген орны.Қойылымда Шотландия Корольдік консерваториясының опера әншілері мен дирижерлар өнер көрсетеді. Органда Рахат-Би Әбдісағин өзі ойнайды.Опера қойылымдарына билеттер тегін, оларға төмендегі сілтеме арқылы қол жеткізе аласыз:

Айта кетейік, қазақстандық композитор және пианист, өнертану ғылымдарының магистрі, «Дарын» Мемлекеттік сыйлығының лауреаты Рахат-Би Әбдісағин – «Болашақ» бағдарламасының түлегі. 2022 жылы «Болашақ» стипендиясын жеңіп алған, Royal Conservatoire of Scotland-та «Музыка» мамандығы бойынша докторлық зерттеу жүргізуде.

Ақпарат https://bolashak.gov.kz/ сайтынан алынды.

«Dimash tour»: Қазақстан туризмін дамытудағы жаңа бағыт

Forbes Kazakhstan-да 2024 ж. 30 қаңтарда жарық көрген Азат Сардарбектің мақаласын оқыңыз

Хабарлама

Ақпарат алып отыру үшін жазылыңыз

Создано на WordPress.com