Біз жылдың ең күткен
оқиғаларының бірін хабарлауға қуаныштымыз –
Destiny by Silk Road Fashion, London

Silk Road Fashion, Лондон, біздің дарынды отандасымыз Алма Фермердің басшылығымен және ұйымдастыруымен керемет сән шарасын мақтанышпен ұсынады.
Күні: 16 қыркүйек, дүйсенбі
Уақыты: 19:00 – 23:30
Мекен-жайы: Челси Old Town Hall, Лондон

Халықаралық дизайнерлердің соңғы трендтерін көрсететін ұмытылмас сән кешінде қызыл кілеммен жүріп өтіп, таңғажайып коллекцияларды сатып алуға мүмкіндік болады. Бұл сіз өткізіп алғыңыз келмейтін стиль және мерекелік кеш!

Тамаша кеште кездескенше!

Билеттерді мына сілтеме арқылы ала аласыз:

Құрметті оқырман!

Лондонда қазақ мектебі бар екенін білесіз бе?
Біздің қазақ мектебіміз 2021 ж. қыркүйек айынан бастап жұмыс істеп келеді. Бұл мектепте Лондондағы әр қазақ баласы әр сенбі сайын қазақ тілінде білім алады. Мектепте оқып жатқан балалардың жасы 4-14 жасқа дейін. Біздің қазақ мектебінде балалар ана тілінде оқып, жазып қана үйренбей, қазақтың салт-дәстүрін, әдебиетін танып, ұлттық билерімізді билеп, әнімізді жаттап, ұлттық ойындар ойнап, тіл шеберлігін арттырады.
“Тіл — ұлттың сүйенетін тамыры” демекші, біздің мақсатымыз нағыз қазақ баласын тәрбиелеу.

Сабақ уақыты: сенбі 11:00-13:00 / 14:00-16:00 аралықтары.

Мекен-жайымыз: Pimlico Academy, Lupus Street, SW1V 3AT.

Жақында жаңа топ ашылуда! Орындар шектеулі! Жазылып үлгеріңіз! Тіркелу — qazaqschool.london@gmail.com

🌟 Сәлем достар!🌟

Қазақ тілі мен мәдениетіне құштар болсаңыз Сізді біздің жаңа бастамамыз – ҚАЗАҚША СӨЙЛЕУ КЛУБЫна қосылуға шақырамыз!

Клубтың өтетін күні: 

📅 Күні: 

Уақыты:

📍 Орны:

Клубқа тіркелу үшін мынаны толтырыңыз!


Онлайн өтетін Қазақ тілі курстарына жазыла аласыз!

Отандастар қоры https://oq.gov.kz/kz Сіздерді
ОНЛАЙН ҚАЗАҚ ТІЛІкурсына шақырады.

Әрбір сәтті аяқталған курс соңында сертификаттар беріледі.
Алғашқы сабақтың басталу күні 2024 жылдың 2 наурызында.
Сабақтар әр сенбі және жексенбі күндері өтеді.

Тіркелу үшін төмендегі QR кодты пайдаланыңыз:

Достар, ү.ж. 10 наурызда өтетін Наурыз мерекесінде би билеп, ән айтып немесе ұлттық аспапта ойнап Қазақстан атынан қатысқыңыз келсе төмендегі сілтеме арқылы кіріп форманы толтырыңыз. Ұйымдастырушылар сізбен хабарласатын болады.

Сілтеме:

Хабарлама

Ақпарат алып отыру үшін жазылыңыз

Создано на WordPress.com